Куандык РахымЖурегим муздама
Жүргенде тыс қалған адамдай жаратқанның назарынан,
Дəмінде татпаған жандардай шын бақыттың базарынан.
Тұрғандай торығып бұл жүрек бақытсыздық азабына,
Бейнеңе жолықтым жəннəттың суы менен тазарылған.
Қ - сы
Жүрегім жылама, сыздама, мұздама, тағдыр қосар бəлкім,
Өмірде шынымен бақытты болуға хақылы ғой əркім.
Азапқа тағы да кеуденің зарына төзер ме екен жүрек ❤
Ғажаптың барына мендегі дəл мына сенер ме екен Жүрек ❤
Мұңайма бес күндік жалғанда жарығым ау мұңаймашы,
Меніде көрмеп еді ешқашан сезім мұңы бұлай басып.
Ұсыншы өмір - ау тағы да жолығудың бір айласын,
Болмаса тек енді қылмашы мені ешқашан бұлай ғашық .