
Абдижаппар АлкожаАмалым канша? (минус)
Шөлімді басар сен бе едің кәусар бұлағым?
Үкілі-ай қалқам, үзіле жаздап ұнадың.
Ойда жоқ сәтте оянған албырт сезімді,
Амалым қанша, айта алмай іштен тынамын,
Айта алмай іштен тынамын.
Оңаша қалып опасыз жалған бес күннен,
Еншімді жаным, даулаған емен ешкімнен.
Айтатын сөзім тұрса да тілдің ұшында,
Амалым қанша, мылқаудың күнін кештім мен,
Мылқаудың күнін кештім мен.
Арбаса қайтем жанымды жауһар жамалың,
Көзіңнің кәусар гүліне қашан қанармын?
Айтайын деген сөзімді жүрмін айта алмай,
Амалым қанша, Амалым қанша-ау,
Амалым қанша, Амалым ...
Боларсың сәулем әнімді менің естіген,
Алдыңда сенің мың лаулап тұрып өштім мен.
Күлімдеп қарғам шықсаң да менің алдымнан,
Амалым қанша зағиптың күнін кештім мен,
Зағиптың күнін кешті мен.