
Арманай тобыАрман-ай
Жүрегімде бір сұлуға сезім болды пайда,
Теңеймін мен аспандағы жұлдыз бен Айға.
Жүрегімді менің, қасқам-ау, баурап алдың,
Тамсандырып, бірден қуат бердің де бойға.
Қайырмасы:
Болып едің сен маған арман-ай, арман-ай,
Жас жүрегім сені көрді таңдап-ай, таңдап-ай.
Бақытымды тауып алдым аңдамай, аңдамай,
Орындалды бүгін міне, арман-ай, арман-ай.
Аламын сені енді ботам, күнде жаным ойға,
Сағынып іздегенде өзгені емес, мені ойла.
Өзіңменен бақыттымын аяулы асыл жаным,
Бағымда өсе бергін, жайқалып гүлдей жайна.
Қайырмасы: х2
Болып едің сен маған арман-ай, арман-ай,
Жас жүрегім сені көрді таңдап-ай, таңдап-ай.
Бақытымды тауып алдым аңдамай, аңдамай,
Орындалды бүгін міне, арман-ай, арман-ай.