Дос-Мукасан тобыАк сиса
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса
Шорманның Мұстафасы, атымды алып
Аталдым сол себептен - Жаяу Мұса-ай
Дәриға іш күйеді зорлығына
Сенеді-ау, мал басының молдығына
Қорқамын, тағы дүре соға ма деп
Сондада шыдамаймын қорлығына-ай
Гигкай, гигкай, гигкай, гигкай, гигкай
Ги-ги-ги-ги-гикай, гигкай, гигкай, гигкай
Қорқамын, тағы дүре соға ма деп
Сондада көнбеймін-ау, қорлығына-ай
Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса
Аттыдан жаяу жүріп кек аламын
Жігіттер, шамаң келсе, маған ұқса-ай
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса
Шорманның Мұстафасы, атымды алып
Аталдым сол себептен - Жаяу Мұса-ай
Гигкай, гигкай, гигкай, гигкай, гигкай
Ги-ги-ги-ги-гикай, гигкай, гигкай, гигкай
Қорқамын, тағы дүре соға ма деп
Сондада көнбеймін-ау, қорлығына-ай
(Пап-пап, па-а)
(Пап-пап, па-а)
(Уап-пап, па-а)