
Акылбек ЖеменейПах ширкин
1. Әр таңыма арай берген таң гүлім
Жан шуағым шапағатым, сен
Арманыма шырай берген, жан гүлім
Аялаған махаббатым, сен
Қайырмасы:
Ай сенің қылығың-ай
Ой сәулем сұлуың-ай
Бал шәрбәт шырынындай, сен
Ах, сенің жанарың-ай
Пах шіркін жамалың-ай
Эх, жанып барамын-ай, мен
2. Айдыныма бір қонарсың, ақ құсым
Жаңбыр сезім селт еткендей, сен
Тағдыр сыйы сен боларсың, бақ құсым
Сезім гүлін тербеткендей, мен
Қайырмасы:
3. Аралайық айлы кеште гүл бағын
Жас дәурендей жабықпасын, жан
Қалар жаным мәңгі есте бұл шағың
Қос жүректен қалықтасын ән
Қайырмасы:
Ай сенің қылығың-ай
Ой сәулем сұлуың-ай
Бал шәрбәт шырынындай, сен
Ах, сенің жанарың-ай
Пах шіркін жамалың-ай
Эх, жанып барамын-ай, мен
Эх, жанып барамын-ай, мен