Нур МукасанБiр гасыр
Ғасыр жыры.
Жылдар жылжып, ғасыр өтіп барады,
Өткен күннен нелер есте қалады.
Тоғысып жатқан тағдырлар,
Адасып өткен сан жылдар,
Айтылмай қалған шындық пенен аңыздар.
Зар жылатқан көсемдер,
Адастырған шешендер,
Жырлайын мен жырлап берші десеңдер.
Жиырмасыншы ғасыр туған кез еді,
Ел басқарған ақ патшаның өзі еді,
Қазақтар малға бай еді,
Төрт түлігі сай еді,
Көңілдері саржайлаудай жай еді.
Тып - тыныш жатқан ел еді,
Қазы мен қарта жеп еді,
Бүгінгіден санымызда көп еді.
Он жетінші жылдар келіп өзгерді,
Ақ патшаның зұлымдығын ел көрді,
Елімізді қанапты,
Жерімізді тонапты,
Қазақтарды жабайы деп санапты.
Сорлы патша оңбады,
Большевиктер қорлады,
Өлгеннен соң салынбапты қорғаны.
Он жетінші жылдар келген кез еді,
Ел басқарған ұлы Ленин өзі еді,
Жетістік деп ойладық,
Қойдай қудық байларды,
Басымызды бостандыққа байладық.
Қызыл туды көтердік,
Молдаларды кетірдік,
Құдай жоқ деп жер жүзіне лепірдік.
Жылдар өтіп Ленинге де өзгерді,
Иличіңнің жамандығын ел көрді.
Қолын босқа сермепті,
Жер берем деп бермепті,
Комунизм болмайтынын білмепті.
Адастырды xалықты,
Жиналыстан жалықтық,
Барлық жерге ескерткішін салыппыз.
Жиырмасыншы жылдар келген кез еді,
Ел басқарған Сталиннің өзі еді.
Сталин колxоз орнатты,
Сталин отан қорғатты,
Халқымыздың жауларында зарлатты.
Сталин завод салыпты,
Берлинді де алыпты,
Әкесіндей болды Сталин xалықтың.
Елу жетінші жылдар келіп өзгерді,
Сталиннің зұлымдығын ел көрді.
Тығып тастап астықты,
Қолдан жасап аштықты,
Қазақтарға көрсетіпті қастықты.
Халыққа жау деп талайды,
Түрмеге де қамайды,
Жақсыларды аш қасқырдай талайды.
Елуінші жылдар келген кез еді,
Ел басқарған Хрущовтің өзі еді.
Лагерлерді жапқызды,
Берияны атқызды,
Сталиннің сұмдықтарын ашқызды.
Зансыздықтар тиылып,
Тың көтердік жиылып,
Қамбаларға алтын астық құйылып.
Алпыс төртінші жылдар келіп өзгерді,
Хрущовтың жамандығын ел көрді.
Елдің малын құртыпты,
Тау мен тасты жыртыпты,
Комунизм құрамын деп қыртыпты.
Диxану жас пен кәріміз,
Жүгері ектік бәріміз,
Сонда -дағы жақсармапты xәліміз.
Алпысыншы жылдар келген кез еді,
Ел басқарған Брежневтің өзі еді.
Хрущов алған байталды,
Брежнев келіп қайтарды,
Арақ арзан еx, бәрімізде шайқадық.
Байкал жаққа бам салдық,
Съезддерді қарсы алдық,
Леонид Ильич жақсы адам деп жар салдық.
Сексен екінші жылдар келіп өзгерді,
Брежневтің жамандығын ел көрді.
Тоқырауға тап болды,
Ашығуға шақ қылды,
Кеудесіне орден медаль тақтырды.
Аралдың суын тауысты,
Әбден есі ауысты,
Күні жетіп, тіл мен жағы қарысты.
Сексенінші жылдар келген кез еді,
Ел басқарған Андроповтын өзі еді.
Қатаң тәртіп орнады,
Парақорды қолға алды,
Талай жебір қылмысы үшін қамалды.
Былшыл сөз де доғарды,
Қылмыс аздап жоғалды,
Бірақ сорлы жеңе алмады ажалды.
Сексен бесінші жылдар келген кез еді,
Черненкомыз тез бастық боп тез өлді.
Сөйлегенде қырылдап,
Қос өкпесі сырылдап,
Әрең жүрген бейшара екен бұрыннан.
Қандай жынды сайлаған,
Қай жерімен ойлаған,
Ел тағдырын қартаға сап ойнаған.
Сексен бесінші жылдар келген кез еді,
Патша болған Горбачовтың өзі еді.
Соңына ертіп жастарды,
Қайта құру бастады,
Жеделдетіп алмақ болды асқарды.
Арақпенен айқасты,
Портографпен шайқасты,
Президент боп кремльге жайғасты.
Тоқсаныншы жылдар келіп өзгерді,
Горбачевтің сорлы екенін көз көрді.
Жеңе алмады арақты,
СССР - ді таратты,
КПСС - ті қара жерге қаратты.
Қайта құру құрыды,
Заман қайта бұрылды,
Компартия бір бәлеге ұрынды.
Жиырмасыншы ғасыр бітер кез болды,
Қазақстан егеменді ел болды.
Қайта келді дініміз,
Қайта шықты тіліміз,
Туымыз бен қайта туды күніміз.
Тәуелсіз ел деп атандық,
Қолға тиіп бостандық,
Ғасыр соңы жаңа заман басталды.
Ғасыр соңы заман қайта өзгерді,
Өзгерудің қиындығын көз көрді.
Үйрене алмай нарыққа,
Еліміз жүр арықтап,
Би - төреге сенім кетті xалықта.
Парламентті құрамыз,
Құрып алып қуамыз,
Басқа жол жоқ белді бекем буамыз.
Ғасыр бітті жырда бітер кез келді,
Жыр соңында тағы да айтар сөз келді,
Көсемдер де сенімсіз,
Шешендер де сенімсіз,
Бар тілегім тыныш болсын еліміз.
Аман болса қазағым,
Талай жырды жазамын,
Бұл жыр бітті, енді несін созамын.
Орындаған НұрМұқасан тобы