
Роза АлкожаАтамекен
Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп,
Туған жер, мен сен салған құс түлетіп,
Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа
Тұрғаны өз топырағыңның ыстық өтіп.
о, менің атамекен ақ тұрағым ,
қалайша махаббатымды ұқтырамын !
мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте
көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет
мен сендік азаматтық сертімменен
дауысыңа дауыс қосам шертілмеген .
мен сенің серпілмеген күніңе де
қараймын кереметтеи серпінменен .
о, менің атамекен ақ тұрағым ,
қалайша махаббатымды ұқтырамын !
мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте
көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет
бәрін де мендегінің анамша ұғып ,
тұрсың ба болашағыма алаңшы үміт .
мен сенің жалғыз тамшы тасқыныңмын
кететін сенен шығып , саған сіңіп .
о, менің атамекен ақ тұрағым ,
қалайша махаббатымды ұқтырамын !
мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте
көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет