
Мейрамбек БесбаевКол жетпесим
Ғұмырды бiр сен деп кешемiн,
Бүгiннен ертеңге көшемiн.
Таланып талқыңа түссем де,
Тағдырымды өзiм шешемiн.
Қайырмасы:
Гүл-гүлдей жайнап,
Бұлбұлдай сайрап,
Бакытыңның иран бағында.
Алыстан баурап,
Жақыннан арбап,
Айналдың ба алтын сағымға?!
Қорғанып бұқпай,
Қарманып ықпай,
Таланымның тарттым қиынын.
Көнергенiмше,
Өле-өлгенiмше,
Қол жетпесiм, кұзар биiгiм.
Өмiрдi бiр сен деп сүремiн,
Қайғырып, жылаймын, күлемiн.
Кеудеме мәңгiлiк ұялап,
Көкланданып соққан жүрегiм.
Қайырмасы:
Гүл-гүлдей жайнап,
Бұлбұлдай сайрап,
Бакытыңның иран бағында.
Алыстан баурап,
Жақыннан арбап,
Айналдың ба алтын сағымға?!
Қорғанып бұқпай,
Қарманып ықпай,
Таланымның тарттым қиынын.
Көнергенiмше,
Өле-өлгенiмше,
Қол жетпесiм, кұзар биiгiм.
Сарғайып, сомданып, сафтанып,
Ғаламат өртiңе қақталып.
Бiр сүйiп арманым болмас ед,
Келмеске кетсем мен аттанып.
Қайырмасы:
Гүл-гүлдей жайнап,
Бұлбұлдай сайрап,
Бакытыңның иран бағында.
Алыстан баурап,
Жақыннан арбап,
Айналдың ба алтын сағымға?!
Қорғанып бұқпай,
Қарманып ықпай,
Таланымның тарттым қиынын.
Көнергенiмше,
Өле-өлгенiмше,
Қол жетпесiм, кұзар биiгiм.