Досым
Досым-Ержігіт Жандаров
Сөзі-Ержігіт Жандаров
Әні-Улан Осман ұлы
Жарты нанын да бөлетін досым
Мен үшін қанын төгетін досым
Жастықпен талай сүріндік досым
Жаңылсам жолдан сөгетін досым
Басқан жолымды көретін досым
Құласам қолын беретін досым
Аманат келсе басыма бір күн
Өмірім бітсе көметін досым
Көметін досым
Достың да досы болад дейд досым
Сөзіне көңіл толад дейд досым
Айнымас адал кең пейіл болсаң
Қадірің биік болад дейд досым.
Хабарсыз кетсең, іздейтін дос бар,
Қиындық келсе безбейтін дос бар,
Жаратқан Алла сынаққа салса
Қасыңда жүріп,төздейтін дос бар
Сезбейтін дос бар
Анттасқан дос бар, қастасқан дос бар
Жақтасқан дос бар, жауласқан дос бар
Есіктен кірсем мақтайтын дос бар
Есіктен шықсам даттайтын дос бар
Сыйлассаң қойын сояды дейді досым
Өкпенің бәрін жояды дейді досым.
Аxырет күні қиналып тұрсаң
Сен үшін сауабын қояды дейді досым




