Қарасам дәл қазіргі жағдайыңа,
Жақсы сөз түспей қойды таңдайыма.
Мұңсыз деп тағдырыңды елестеттің,
“Мінсіз” сол ма жазылған маңдайыңа?!
Қайырма:
Дедің бе қу дүниені “жалған” екен,
Дәл осындай бақытсыз болма көкем.
Қоңыр шашың ағарып кетіпті ғой,
Қара көзің көгеріп қалған екен.
Қызыл ернің айтудан именген ед(і),
Айттым ғой басқа адамға үйленбе деп.
Жүзіңе қарадым да, көп ойландым,
“Көзбояушы жігітке тиген бе?!” деп?!
Өзі сынды адамды сүйген бе деп?!
Шумақ:
Қалдырды көңіліме ғұмыр ұғым,
Саған ғана жүрегім жылыды мың.
Дәл сондай өмір керек болса саған,
Бар еді ғой менің де жұдырығым.
Қайырма:
Мен жүрмін тағдырымнан есемді ала,
Қасқыр аузым жемесем, жесем де қан.
Мен сені тастамауға ант бергенмін,
Бірақ, өзің “мені ал” десең ғана.
Түйреуішке тағдырлық түйреліпсің,
Сұлудан сұрықсыздау күйге еніпсің.
Қорғайтын жігіт іздеп жүр едің ғой,
Қорғануды өзің-ақ үйреніпсің.
О шіркін, сонда да сүйгенімсің!



