Иә десең, алармын теңім ғой деп,
Жоқ десең, қалармын өмір ғой деп.
Жазға сай кигенің — жеңіл көйлек,
Ой, неткен бойжеткен...
Кезіктірдім-ай сұлудың жақсырағын,
Сезіп тұрмын-ай сезімнен от шығарын.
Нәзік құрбым-ай, жүректі тапсырамын.
Сұлудың «жоқ» дегені — «иә»,
Жоқ деуге келтірмеші сия.
Одан да мені қатты сүй, иә, сүй, иә.
Сұлудың «жоқ» дегені — «иә»,
Алмаймын сені ешкімге қия,
Сол үшін мені қатты сүй, иә.
Хош иісті, недеген сендегі әтір,
Сол әтірден жоғалды мендегі ақыл.
Бар әлемнің бақыты сонда жатыр.
Көріктім-ау, көйлегің жер тербеткен,
Көйлегіңдей мінезің көркем неткен.
Еліктірмей, бір сүйгіз, еркем, бетіңнен.
Сұлудың «жоқ» дегені — «иә»,
Жоқ деуге келтірмеші сия.
Одан да мені қатты сүй, иә, сүй, иә.
Сұлудың «жоқ» дегені — «иә»,
Алмаймын сені ешкімге қия,
Сол үшін мені қатты сүй, иә.







