SadraddinМахаббатым
Төрт қабырға, үстел, ескі пәтер
Хаттар жаздым жүрегіңе жетер
Бірақ сөздерімде, ойларымда мүлде қате, қате..
Махаббатты біздің дорамадай
Бағаламай қалдың бағаламай
Енді қайта тырысудың бәрі, бәрі бекер, бекер
Сенен кейін өмір басқалай,
Басқа жанды көңіл қоштамай
Жүрек сонша бауыр басқаны-ай
Жүрмін жаңа өмір бастамай,
Махаббатым, махаббатым
Сен мені, мен сені сезімге апаратын,
Махаббатым, махаббатым
Қанатым болса ғой қайтадан жете алатын
Бұрын менің өмірімде бар ең
Бұрын менің өмірімнің сәні ең
Қазір саған қарапайым айта алмаймын сәлем, сәлем
(yeah)
Деп жүргенде сені ұмытатын уақыт жетті,
Тағы бір күн алып, тағы бір күнім батып кетті
Сен туралы ойлар ғана мені бақытты етті
Сенен кейін өмір басқалай,
Басқа жанды көңіл қоштамай
Жүрек сонша бауыр басқаны-ай
Жүрмін жаңа өмір бастамай,
Махаббатым, махаббатым
Сен мені, мен сені сезімге апаратын,
Махаббатым, махаббатым
Қанатым болса ғой қайтадан жете алатын..
