
СадраддинКарагым-ай
Қайырмасы/Басы]
Ай-ай, қарағым-ай...
Сызылып қарадың-ай...
Ай-ай, қарағым-ай...
Жап-жарық жанарың-ай...
[Бірінші шұмақ]
Тура қарап айтарым
Жүрегімді шайқадың
Сен қараған сол сәтте
Сезіміңді байқадым
[Қайырманың алды]
Өзің болшы енді жүрегімнің егесі
Сақинаны тағамын, жалғыз жүр ғой демесін
Кешке жақын шықшы, бір қыдырып қайтайық
Мініп алып бірге махаббаттың кемесін
[Қайырмасы]
Ай-ай, қарағым-ай
Сызылып қарадың-ай...
Ай-ай, қарағым-ай
Жап-жарық жанарың-ай...
[Екінші шұмақ]
Ойна да күл, еркем
Оралыңның барында
Бағала барыңды, нарыңды
Жастық шағыңда
Еркем, еркелеші
Еркелеші тағы да
Дымға уайымдама, мен – сенің жаныңда
Тым болмаса, бір көрінші, ай, маралым
Ақ жүзіңнен айналайын
Қарағым, қарағым
Әрең шыдап жүрмін
Берші бір хабарын
Жамалым-ай, бір сен үшін
Жаралдым, жаралдым...
[Қайырмасы/Соңы]
Ай-ай, қарағым-ай...
Сызылып қарадың-ай...
Ай-ай, қарағым-ай...
Қарағым-ай...
Ай-ай, қарағым-ай...
Сызылып қарадың-ай...
Ай-ай, қарағым-ай...
Жап-жарық жанарың-ай...