
Мендік емессің
Сен ешкімнен кем емессің,
Сондай әдемі мінезің.
Бірақ мен сезім бере алмаймын,
Себебі – мендік емессің.
Сенде бәрі жақсы,
Өтінем, уайымдамашы.
Мен – өзге,
Қанша жан саған құшағын ашық.
Керегі – уайым емес,
Жүрегің дайын емес.
Қолыңызды ұсынсаң – өтінем,
Маған емес!
Мен – сенің жүрегіңді
Алып, оған жара салам.
Мен – махаббаттың не екенін
Түсінбеген адам.
Қадіріңді білетін,
Саған қарай жүретін
Адам жолығар…
Сен ешкімнен кем емессің,
Сондай әдемі мінезің.
Бірақ мен сезім бере алмаймын,
Себебі – мендік емессің.
Өз бақытыңды табарсың,
Бақытың – мен емеспін.
Мен саған сезім бере алмаймын,
Себебі – мендік емессің.
Сен түндерде мұңға баттың ба,
Жүрегіңді маған бергенде?
Бақытыңды менен таптың ба,
Мен өзіңнен қашып жүргенде?
Сен ешкімнен кем емессің,
Сондай әдемі мінезің.
Бірақ мен сезім бере алмаймын,
Себебі – мендік емессің.
Өз бақытыңды табарсың,
Бақытың – мен емеспін.
Мен саған сезім бере алмаймын,
Себебі – мендік емессің.