track
Мейрамбек Беспаев - Бозторгай (терме)
279

Мейрамбек Беспаев
Бозторгай (терме)

Исполнители: Мейрамбек Беспаев
Длительность: 05:19
Качество: 128 kbp/s
Скачиваний: 18 188
Дата релиза: 26 Июль 2019, 0:52
Текст песни:

Бозторғай, бозторғай
Айналайын жыл құсым,
Аман-есен жүрмісің.
Ала таңнан шырылдап,
Қуантқалы тұрмысың.

Қанатыңды кердің бе,
Қияндардан келдің бе?
Жетімекпін мен неге,
Анамды сен көрдің бе?

Қатпа қара баламын,
Тағдырыма не аламын,
Анамды іздеп әр таңда,
Аңсап әнге саламын.

Бір ашылмай қабағым.
Неге жетім қаламын.
Мүмкін емес болмауы
Мені туған ананың.

Бозторғай, бозторғай
Ана сүтін ембедім
Аймалаған аялы
Алақанын көрмедім.

Туғаным жоқ, туман жоқ
Менде қызық-думан жоқ.
Қырға шығып бала боп,
Көбелек те қуғам жоқ.

Шешем болса, келмей мен,
Баласын бір көрмей ме,
Мейірлене құшақтап,
Өрік-мейіз бермей ме.

Торғай екеш торғайда
Балапанын қорғайды.
Ана безсе баладан,
Бәрінен де сол қайғы.

Бозторғай, бозторғай
Көңіл-күйі кетілген,
Сен де мендей жетім бең?
Еркелетіп еш пенде
Сүйген емес бетімнен.

Тереземді ашайын,
Алдыңа жем шашайын,
Мұңымды айтып өзіңе,
Мауқымды бір басайын.

Жаралаған жас жанды,
Азапты өмір басталды.
Керегі жоқ ешкімге
Болғанымда тастанды.

Тас жетім боп қалғаным
Туа біткен арға мін.
Бір иіскесем анамды-ай,
Болмас еді арманым.

Комментарии

Еламан
2024-02-18 10:32:40
Оте жаксы орындау 👍👍👍
Абдулла
2023-01-24 01:36:15
Өмір сериалыннан соң, тыңдап жатырмын. Есіткен сайын жылайбересін(((
Мирас
2022-10-22 19:10:17
🔥👍👍
Айдос Карсыбаев
2022-08-02 22:06:11
👌👌👌
song
{{ curr_time }}
{{ total_time }}