Мейрамбек БеспаевИман (терме)
Ойының терең түбінен
Қай ақын маржан сүзбеген
Өмірдің басы даңғыл жол
Өмірдің соңы құз деген
Жастығың келер көктем боп
Қарттығың келер күзбенен
Адамның бәрі жолаушы
Сарылып бақыт іздеген
Алладан пәрмен келен күн
Қайтармыз бізде сол күні
Бабалар қайтқан ізбенен
Қыс келсе күтер жаз алдан
Пендеде бітпес әз арман
Құл сүйгіш алла ешкімді
Тыс қалтырмайды-ау назардан
Алланы зікір еткеннің
Жүрегі таттан тазарған
Бөленер хақтың нұрына
Оянған намазға азаннан
Ақыретке жауап дайында
Құтылмас ешкім ажалдан
Дүние ешкім әкетпес
Қызылда жасыл базардан
Тақуа талай даналар
Иманың жайлы сөз қылған
Адамның жауы ібіліс
Нәпсіңді елтіп қоздырған
Адалдығыңды кірлетіп
Адамдығыңды тоздырған
Иманың жалғыз жодасың
Қолыңды көкке создырған
Жаныңды нұрға бөлеген
Аттыңды жұртан оздырған
Бес күндік жалған тірлікте
Біріңді бірің бағалап
Қызғаныш отын жандырма
Қайтесің босқа табалап
Патшаға берсін тауфиық
Жұртыма берсін қанағат
Қыз ұлың ермей жаманат
Анамның туған тілімен
Бабамның ділі аманат
Пайғамбарға айтып салауат
Ислам жолын тұтынсаң
Ашылар жолың саған ақ
Мыңдаған ғалам иесі
Алланың жаусын рақымы
Сіздерге мәңші жамағат