track
Kalifarniya – Puerto-Rico (acapella)
138

Kalifarniya
Puerto-Rico (acapella)

Исполнители: Kalifarniya
Длительность: 03:59
Качество: 249 kbp/s
Скачиваний: 692
Дата релиза: 8 Июль 2023, 13:45
Текст песни:

Puerto-Rico әніне арналған ең үздік ремикс байқауы!

Барлық музыканттар мен электронды музыка шеберлері! Біз @keymusicompany компаниясымен бірігіп ең үздік ремикс байқауының басталғанын хабарлаймыз!

Бұл сіздің шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетуге арналған арнайы мүмкіндік!

Байқаудың мақсаты неде?

Біз электронды музыкамен айналысатын барлық музыканттар мен продюсерлерді жаңадан шыққан #PuertoRico әніне өз ремикстеріңізді жасауға шақырамыз.

Сіз бастысы кез-келген стильді қолданып, дыбыстармен тәжірибе жасай аласыз және осы тректі ерекше ету үшін өзіңіздің жеке элементтеріңізді қоса аласыз.

Қалай қатысуға болады?
Тректің түпнұсқа нұсқасын және акапелласын осы сілтеме арқылы жүктеп алыңыз (Cm-G#-D#-A#)
Барлық идеяларыңызды жинақтап осы ремиксті жасаңыз.
Конкурсқа қатысу үшін ремиксті
дайын болған соң біздің поштаға жіберіңіз [email protected]

Бағалау критерийлері:
Біздің сарапшылар мен кәсіби музыканттар тобы ремикстерді келесі критерийлер бойынша бағалайды:

Түпнұсқа: сіздің ремиксіңіз қаншалықты ерекше және жаңашыл естіледі
Техникалық шеберлік: дыбыс сапасы, араластыру және мастеринг.
Эмоционалды әсер: сіздің ремиксіңіздегі эмоцияны жеткізу және тыңдаушыны ұстау қабілеті.

Жүлделер:

Бірінші орынға жеңімпазға 100 доллар және ремиксті ресми түрде барлық музыкалық дүкендерге "Key Music" музыкалық компаниясы арқылы шығаруға мүмкіндік алады.

Екінші және үшінші орындар Kalifarniya-ның бірінші шектеулі коллекциясынан футболкалар силаймыз және оған қоса олардың ремикстерін біздің ресми арналарымызда жариялау мүмкіндігі.

Уақыты:

Өтінімдерді қабылдау: 3 Шілде 2023 басталады;
Ремикстерді жіберу мерзімі: 10 Шілде 2023 аяқталады.
Жеңімпаздар туралы хабарландыру: 18 Шілде тікелей эфирде өтеді.

Бұл байқауға қатысу - сіздің өнеріңізді көрсетуге, электронды музыка әлемінде танымал болуға тамаша мүмкіндік. Біз сіздің ремикстеріңізді асыға күтеміз!
Сіздің музыкалық шығармашылығыңыз әлемді бағындыруға лайықты!

Комментарии

song
{{ curr_time }}
{{ total_time }}