Серик ИбрагимовБизде ше?
Кездескің де, қоштасқың да келмесе,
Дұрыс шешім қабылдайық ендеше.
Менде үлкен сағыныш бар ұмытпа, сенде ше?
Менің жаным жәй табады сен десе,
Дұрыс шешім қабылдайық ендеше.
Сенде мәңгі сүйе алатын мен бармын, менде ше?
Ғашық жандар бірін-бірі іздесе,
Ал екеуміз алмаймыз да жүздесе.
Басқаларда махаббат бар, бақыт бар,
Бір біріне уақыт бар, ал бізде ше? (х2)
Амал бар ма сезім деген шам сөнсе?
Бақыттарың басқа адаммен өлшенсе?
Өзіңді ойлап мұңға батып жүрмін мен, ал сен ше?
Маған айтқан сөздерді айтып ол кезде,
Сырласасың соңғы жұлдыз сөнгенше.
Сен басқамен бақытты болып кетерсің, ал мен ше? Ал мен ше?
Ғашық жандар бірін-бірі іздесе,
Ал екеуміз алмаймыз да жүздесе.
Басқаларда махаббат бар, бақыт бар,
Бір біріне уақыт бар, ал бізде ше? (х2)