Абдижаппар АлкожаАлло (Мотивация)
Сені іздесе көңілім,
Тіршіліктің шаршап бәрінен,
Теріледі нөмірің,
Сағыныштың саусақтарымен.
Телефоның шыр етсе -
Жүрегімнің дабыл қаққаны...
Кеуде тұсың дір етсе -
Сол дабылдың барып жатқаны...
Қайырмасы:
АЛЛО,
Тұрмайық, тұрмайық
Тынысқа тыныс қосып...
Сөйлеші,
сөйлеші
Тыңдайын тыныш, тосып,
Сөйлеші,
сөйлеші
Іштегі ойларыңа,
Нәп-нәзік дыбыс қосып-ай.
Жүрсек те жырақта,
Сөйлесер сәт бұйыра берсін.
Тәтті даусың құлаққа,
Музыка боп құйыла берсін.
Қоңыраулар қаншама,
Сезімдерді сымсыз жалғайды.
Әлем үнсіз қалса да,
Телефоның үнсіз қалмайды.
Қайырмасы:
АЛЛО,
Тұрмайық, тұрмайық
Тынысқа тыныс қосып...
Сөйлеші,
сөйлеші
Тыңдайын тыныш, тосып,
Сөйлеші,
сөйлеші
Іштегі ойларыңа,
Нәп-нәзік дыбыс қосып-ай.
Рэп:
Кешкісін сөйлесейік,
келістік, ок, жақсы, иә?!
Телефон көтермей қап,
Жасама махинация.
Жасасаң махинация,
Жасатып тындырарсың,
Жүрекке операция...
Бір сөзің "Алло" деген,
Береді мотивация.
Қайырмасы: