МузАрт LifeДосыма
Досым, өзіңмен өтті балалық шақ көп күн
Жан жүрегіммен саған ұқсап кеттім
Тәңірден өзіндей дос тілеген
Досым, кейде тірліктен жалығып кетемін
Сол кезде саған асығып жетемін
Себебі жігітше жақсы көрем!
Жүректесім ау, тілектесім ау досым!
Өзіңсіз күн өтпес, арадан қыл өтпес
Жан досым!
Жүректесің ау, тілектесің ау досым!
Жүргейсің аман, сендей досты армандағам.
Досым! Елеп ескермей сөзін бар адамның
Қиын шақтарда өзің ғана қалдың
Екеуміз егіз бір өмір дейміз
Досым, бірге өтсінші болашағымыз да
Бірге өссінші балашағымыз да
Біз енді ешқашан бөлінбейміз!
Жүректесім ау, тілектесім ау досым!
Өзіңсіз күн өтпес, арадан қыл өтпес
Жан досым!
Жүректесің ау, тілектесің ау досым!
Жүргейсің аман, сендей досты армандағам.
Жүректесім ау, тілектесім ау досым!
Өзіңсіз күн өтпес, арадан қыл өтпес
Жан досым!
Жүректесің ау, тілектесің ау досым!
Жүргейсің аман, сендей досты армандағам.