
Куандык РахымШынайы болшы
Шектеме жанды желпініп тұрған
Жоғалып кетер төзбесе
Шынайылық пен еркіндік тұнған
Әлемім менің өзгеше
Риясыз көңілің бар болса егер
Дос саған мендей бір адам
Сенімді мендік жандырсаң егер
Қасыңда мұң боп жүре алам
Пәк көңіл жанның ұдайы досы
Бұл өмір дейтін жолсыз да
Шынайы болшы, шынайы болшы
Жасанды бәрі онсыз да
Пәк көңіл жанның ұдайы досы
Бұл өмір дейтін жолсыз да
Шынайы болшы, шынайы болшы
Жасанды бәрі онсыз да
Күлдіріп айтар дұшпаның деген
Қазақтың сөзі бар еді
Жасандылықты құшқаның неге
Көрінеді саған әдемі
Риясыздықты сәбиден үйрен
Айналаң шыншыл болмаса
Өтірік мақтап фәниден күйбең
Бақ табам деуің далбаса
Пәк көңіл жанның ұдайы досы
Бұл өмір дейтін жолсыз да
Шынайы болшы, шынайы болшы
Жасанды бәрі онсыз да
Пәк көңіл жанның ұдайы досы
Бұл өмір дейтін жолсыз да
Шынайы болшы, шынайы болшы
Жасанды бәрі онсыз да
Пәк көңіл жанның ұдайы досы
Бұл өмір дейтін жолсыз да
Шынайы болшы, шынайы болшы
Жасанды бәрі онсыз да
Пәк көңіл жанның ұдайы досы
Бұл өмір дейтін жолсыз да
Шынайы болшы, шынайы болшы
Жасанды бәрі онсыз да