
Айдар ТурганбекКарындаска тилек
Ал бикешім еркеледің еркелеген бағыңда
Енді сені еркелетер серігің бар жаныңда
Жеңге деген есімге сенде ие боларсың
Барған жерге бақ боп жаным қонарсың
Қыз ғұмыр гүлдей жайнап барасың,
Қимастық сезім толып жанасың.
Қарлығаш секілді едің үйдегі
Бүгін сені қимай тұрмыз расында
Ата-анаң тілек айтқан жүрекпен,
Ағаң да тіледі шын тілекпен.
Жеңгең де қосып отыр бұл әнін,
Бақытты бол, өз отауыңды гүл етіп.
Қуанып күлкі ойынға тоймайтын,
Сөздерін еркелікке жалғайтын
Бала боп еркелеген шағыңнан
Бүгін міне келін болып барасың
Ақ ұлпа таза дайың арыңды
Сыйлаған сүйіп қосқан жарыңды
Тастай бат, судай сіңіп еліңе
Алдыңнан тәңір ашсын бағыңды
Тербетіп ауылыңның даласын
Қуалап бекер үйдің арасын
Ойпырмай әні – міне дегенше
Қалқатай ұзатылып барасың
Апа деп жан жарыңның анасын
Ата деп жан жарыңның әкесін
Оларды өзіңдей көр өйткені
Өзің де сондай ана боласың
Ұзатқан жан қимайды қыз баласын қалайша жан көңілін сыздамасын
Құдалар алақанға салып бердік
Жүректің жұлып алып бір парасын
Ата-анаң тілек айтқан жүрекпен,
Ағаң да тіледі шын тілекпен.
Жеңгең де қосып отыр бұл жырын,
Бақытты бол, өз отауыңды гүл етіп.
“Апа” — деп жан жарыңның анасын
“Ата” — деп жан жарыңның әкесін
Оларды өзіңдей көр өйткені
Өзің де сондай ана боласың
Оларды өзіңдей көр өйткені
Өзің де сондай ана боласың