Бакыт ШадаеваНаурыз
Төккен нұр шуағын шырайлы,
Көктем гүл аруға ұнайды.
Күн мен түн теңесер сол үшін,
Жаңа жыл санаймыз бұл айды.
Көрісу салты бар ежелден,
Әз Наурыз түркінің мейрамы.
Ағайын дәм татып көжеңнен
Көңілін жылуын сыйлады.
Қайырмасы:
Қош келдің, Наурыз Наурыз!
Ұлы елі дәстүрі еніп
жыр еліне.
Көңілі дүрсіл қаққан
жұмыр жүрегіне
Құлақ сап тілегіме.
Жаңарған ну орман тау іші,
Ағарған әр үйде молшылық.
Жаңа арман жалынды сезімде,
Сан алуан әуезді ән жыры.
Күллі әлем жасылға боянып,
Әндетіп жазық даланы
Тіршілік қайтадан оянып,
Бұлбұлдар әнін салады
Қайырмасы:
Қош келдің, Наурыз Наурыз!
Ұлы елі дәстүрі еніп
жыр еліне.
Көңілі дүрсіл қаққан
жұмыр жүрегіне
Құлақ сап тілегіме.